Ауғанстанның бірнеше қаласында жарылыс болып, көптеген адам қаза тапты
Sky News Arabia телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстанның атақты провинциясы - Құндыз қаласындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, кемінде 15 адам жарақат алған.
Балых провинциясының астанасы Мазари Шариф қаласындағы мешіттердің бірінде тағы бір жарылыс болды, деп хабарлайды Ааmaj News.
Оқыс оқиға қаланың қызу қарбалас ауданында адамдар намаз оқып жатқанда орын алды. Мұнда кем дегенде 30 адам қайтыс болып, 80 адам жарақат алғаны хабарланады.
Жарылыстардың себептері әлі айтылмады.
Кеше, 20 сәуірде Кабулда полиция бекетінің жанында миналанған көлік жарылып, бірнеше адам жарақат алды.
Бұған дейін Ауғанстан астанасының батыс аймақтарының бірінде мектептерде бірнеше жарылыс болды, алты адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.