Шымкент ПД баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсау фактісі тексеріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол жұмсау фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.
Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы М. Бекееваның өзін-өзі өлтіруге оқталу фактісі бойынша (ҚК 105-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.
Агенттік ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript