Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да құрғақ шөптің өртенуіне қатысты 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2022 11:23 Сурет: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде өрт сөндіру бөлімшелері құрғақ шөптің өртенуі бойынша 26 факті тіркеді. Өрттің шығу себебі - азаматтардың отты пайдалануда абайсыздығы, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 29 сәуірде құтқарушылар Алтай ауданында 28 гектар, Көкпекті ауданындағы Тұздыкөл учаскесінде 25 гектар, Үржар ауданында 20 гектар және Тарбағатай ауданында 20 гектар жазық даладағы өртті сөндірді.

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2022 11:23

Сурет: ШҚО ТЖД

Ғарыштан мониторингілеудің көмегімен ШҚО ТЖД құтқарушылары термиялық нүктелерді анықтайды.Соған сәйкес оттың одан әрі таралуына жол бермес үшін өрт сөндіру бөлімшелері жағдайды шұғыл пысықтайды. Бүгінгі күні өрт қауіпі күшейген кезеңнің басталғанынан бері 222 термо нүкте анықталды.

Облыста өрттердің алдын алу үшін құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, полицейлер кіретін мобильді топтар құрылды.

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабы бойынша 11 адам 336 930 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2022 11:23

Сурет: ШҚО ТЖД

Қауіптіліктің төртінші класы Семей, Күршім, Бесқарағай аудандарында және Самар ауылында сақталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: