Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда емдік шөпті заңсыз қазып жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды

Түркістан, полиция, кеурек, Өзбекстан, Өзбекстан азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 10:25 Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының тәртіп сақшылары далалы жерлерде өсетін емдік қасиеті өте жоғары «кеурек» (ферула) шөбін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген жерлерінен ұсталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, жұмыс беруші ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы «Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: