Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысындағы тас жолдағы төтенше жағдай – қызметтік тергеу басталды

Қазақстан, Алматы облысы, Алматы – Өскемен тас жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 13:37 Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
«ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы – Өскемен тас жолындағы құбырдың шайылу фактісі бойынша барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кең арнаға диаметрі сай келмейтін құбыр жобаланған. Құқұқбұзушылық фактісі анықталған жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі деп танылғандар жауапкершілікке тартылады.«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл учаскенің құрылысы туралы келісім 2017 жылы жасалған.

Диаметрі 1,5 метр құбырды орнату туралы техникалық шешімді Алматы қаласы «Каздорпроект» ЖШС әзірлеп, оны «ҚазАвтоЖол» филиалы –  «Құрылыс дирекциясы»,  «ГК Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау қызметі, CITIC Construction мердігер ұйымы бірлесіп қабылдаған. Олар қабылданған жобалық шешімдер үшін тікелей жауапты. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі

Қазір учаскеде қайта қалпына-келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулік бойы қадағалау ұйымдастырылды, учаске әлі де жабық тұр. 16 бірлік арнайы техника мен 20-ға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: