Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған 7-сынып оқушысы ескі үйден табылды
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер жоғалған 13 жасар баланы түнімен іздеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 мамыр күні сағат 23:08-де 7-сынып оқушысының әкесі қалалық ішкі істер бөліміне хабарласып, таңғы сағат 09:30 шамасында кәмелетке толмаған баласы үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған.
Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз бетімен іздегенімен, еш нәтиже болмаған соң, полицияға жүгініпті.
Полицейлер із-түзсіз жоғалған баланың қайда жүргенін анықтау үшін жасөспірімнің достарын, ол араласатын ортаны анықтады. Үй-үйден іздестірілді. Шатырлар мен құдықтар тексерілді. Түні бойы ізделді. Таңертең бала иесіз қалған үйден табылды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Полицейлер бала мен оның отбасы арасында жанжал болғанын анықтады. Сол жағдайдан кейін ол үйден шығып, қала шетіндегі қаңырап қалған үйге жасырынған, ертеңіне сол үйден табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript