Түркістан облысында жас әйел екі адамнан бес миллионға жуық ақша жымқырған
Сурет: Zakon.kz
Әйел түркістандықтарды «Даму» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беруге сендіріп, біреуінен 2 600 000 теңге, екіншісінен 2 200 000 теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 800 000 теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында, күдікті әйелдің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті жас әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер тұрғындарға мұқият болуды ескертіп, әртүрлі жәрдемақы алуда немесе жұмысқа орналасуда күмәнді қызметтер ұсынатын адамдарға сенбеуге кеңес берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript