Жоғалған қыз Түркістан облысындағы базардан табылды
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер жоғалған 5 жасар қызды базардан тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, сағат 13:00 шамасында ауласында ойнап жүрген немересі белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Өздері іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен тауып беруін өтінген. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері тұрғынның үйіне барды. Олар мән-жайды анықтап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған қыз 1 сағат уақыт аралығында 2 шақырымдық орталық базардан табылды. Анықталғандай кішкентай бүлдіршін ауласында ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Тәртіп сақшылары оны отбасына апарды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript