Баланың саусағы телефон қабына қысылып қалып, құтқарушыларды шақыртуға тура келді
Сурет: Instagram/shygysqaz_tjd
Өскеменде төтеншеліктерге қала тұрғынынан баласының саусағы ұялы телефонның қабындағы тесікке қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланың анасы оқыс жағдайды өз бетінше шешуге тырысқан, бірақ онысынан түк шықпаған соң құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.
Оқиға орнына келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен қапты "тістеп" тартып, баланың саусағын босатты.
ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарға қырағылық танытып, балаларын мүлде жалғыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript