Алматы – Анталья бағытындағы екі рейстің кешігу себебі белгілі болды
Сурет: gov.kz
Маусымның 18-і мен 19-ы күндері Алматы – Анталья бағытындағы екі рейс кейінге қалдырылды. Азаматтық авиация комитеті жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 маусымда Air Astana әуе компаниясының Boeing-767 ұшағында техникалық ақау анықталды, бұл авиакомпанияның осы ұшақта жоспарланған рейстерінің уақтылы ұшуына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты әуе компаниясы келесі рейстерде ұшақты ауыстыруға мәжбүр болды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
18 және 19 маусымда Алматы – Анталья бағытындағы екі рейс 24 сағат 56 минутқа және 3 сағат 23 минутқа кешікті.
Air Astana әуе компаниясының Алматы – Антальяя бағыты бойынша 18 маусымдағы KS 915 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуы тиіс болатын. Алайда 19 маусым күні таңертең рейс техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Ұшақ ауыстырылды. Ұшақ 19 маусым күні сағат 10:36-да Антальяға ұшты. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Алматы – Анталья бағыты бойынша 19 маусымдағы KC 915 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-қа жоспарланған-ды.
Дегенмен техникалық себептерге байланысты ұшақ Boeing-767-ден көлемі жағынан кішірек Airbus-321 ұшағына ауыстырылды. Борт 19 маусымда жергілікті уақыт бойынша 13:03-те аттанды. Осы рейспен келген жолаушылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан арқылы Антальяға жөнелтілді, ал кейбіреулері 20 маусымда Алматы – Анталья рейсі бойынша KS 915 ұшағымен жөнелтіледі деп жоспарланды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Air Astana әуе компаниясының 20 маусымдағы Алматы-Анталья бағыты бойынша ұшуы керек болған KS 915 рейсі Сеул – Алматы рейсін күтуге тура келгендіктен, 15:40-қа дейін кешігеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript