Қаңтар бүлігі: Алматы облысында тәртіп сақшылары 25 адамды үтікпен азаптаған
Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғасы кезінде тәртіп сақшыларының тұтқындарға қолданған азаптау фактілерін тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Серік Шалабаев рұқсат етілмеген тергеу әдістері фактілерімен тіркелген қылмыстық істерге ерекше назар аударылғанын атап өтті.
Қазір сегіз резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті деп танылып, оның тоғызы қамауда отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында қыздырылған бу үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленуші деп танылды. Серік Шалабаев
ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметі бастығының айтуынша, барлық арызданушылар азаптаудың ұқсас әдісін сипаттаған.
Арнайы прокурорлар бес полицейдің қатысы барын анықтады. Олардың үшеуі кінәсін мойындады. Серік Шалабаев
Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті репартаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттері аяқталды. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, оның өліміне себеп болды деген күдікке ілінген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript