ШҚО-да екі альпинист қаза тапты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүріп, екі альпинист қаза тапты. Тағы бір Ресей азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
23 маусымда Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл аумағындағы Белуха тауында альпинистер (төрт адам) туристердің тауға шығуы үшін трасса түзу жұмыстарын жүргізіп жатқанда қар көшкіні жүргені туралы хабарлама келіп түсті. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Апат салдарынан екі ер адам қаза тапты. Тағы бір Ресей азаматы зардап шекті. Тағы бір альпинист аман-есен.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кісі аяғы жету қиын жерге Ми-8 "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді.
Оқиға орнына жеткен тікұшақ бір метр биіктікте қалықтап тұрды. Құтқарушылар тікұшақтың бортына екі қаза тапқан, бір жарақат алған ер адамды және аман-есен тағы біреуді көтеріп салды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, 3 мың метр биіктікте құтқару операциясын жүргізу үшін бірнеше рейс жасау қажет болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript