Несие рәсімдеп беремін деп өскемендіктерді сан соқтырып кеткен әйел ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Бұл іс бойынша бұрын сотты болған 53 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды, ол жауап алу кезінде кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусым айының басында Өскемен қаласы полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел каналына таныс емес әйелдің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған облыс орталығының 64 және 32 жастағы тұрғындары хабарласты.Полицейлер күдіктінің шағын несие ұйымында несие ресімдеуге көмек көрсетемін деген сылтауымен олардың жалпы сомасы миллион теңгеге жуық ақша қаражатын иемденгенін анықтады. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері бұл іс бойынша бұрын сотталған 53 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.
Күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындады.Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript