«Кальмар ойыны»: Өскеменде образға кірген жігіт жанар-жанармай стансасын тонады
Сурет: polisia.kz
Өскеменнің 40-тағы тұрғаны жанар-жағармай стансасында кассирді тапаншамен қорқытып, екі миллион теңгені ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 мамырда Өскемен қалалық полиция басқармасының жедел желісіне жанар-жағармай стансасы тоналғаны жөнініде хабарлама түсті, деп жазды polisia.kz.
Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлаған.
Криминалдық полицияның жедел қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, екі сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапанша күдіктінің үйінен тәркіленді, ол ойыншық болып шықты. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
Оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша қаралады, оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript