Үйінде жарты келі есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Сурет: ШҚО ПБ баспасөз қызметі
Алтай ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері үйінде есірткі заттарын сақтаған Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тінту кезінде өсімдік тектес заты бар 3 банка, қоңыр қабаты бар бірнеше бөтелке және өсімдік тектес заты бар бір полиэтилен пакет алынды, сонымен қатар 39 гүлді өсімдік бұталары табылды.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сараптама өорытындысы бойынша, өсімдіктер қарасора тұқымына жататын салмағы 95,05 грамм «каннабис» есірткісі екенін белгілі болды.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тәркіленген банкаларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған, полиэтилен пакетте тағы 20 грамм ұқсас зат болған.
Сурет: ШҚО ПБ баспасөз қызметі
Жауап алу кезінде ұсталған адам кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігіне (өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript