ШҚО-да көксерке балығын заңсыз тасымалдаған адам ұсталды
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 745 келіден астам балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған Тарбағатай ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маусым айының ортасында патрульдік полиция қызметкерлері «Омбы-Майқапшағай» автожолында «Toyota» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында Тарбағатай ауданының тұрғыны, 32 жастағы жүргізушінің рұқсат құжатынсыз 745 келіден астам балық, оның ішінде 713, 85 кг көксерке, 6 кг астам шортан және 20 кг мөңке балығын тасымалдағаны анықталды.ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ведомство Тарбағатай ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО Полиция департаменті балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript