Жаңалықтар тізбегі
0

Қаралы қаңтар: 545 адам сотталды

Қаңтар оқиғасы, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 16:31 Сурет: Zakon.kz
ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар қақтығысына қатысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Елдос Қилымжанов Алматы, Шымкент қалаларында және Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында қиратулар, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүлікті жою және терроризм актілері жасалғанын еске салды.

Сол қайғылы күндерде қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, көліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірді, тонады. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз етуге бөгет жасау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуыл жасады. Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Оның айтуынша, бүгінгі таңда арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздік бойынша 53, терроризм актісі бойынша 32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттері аяқталып, істер сотқа жолданды.

Алматыда арнайы прокурорлар үш азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, мемлекеттік органдардың ғимараттарға шабуыл жасағаны және билік өкілдеріне күш қолданғаны үшін күдікке ілінген. Қаңтардың төртінен бесіне қараған түні бұл қылмыскерлер Алматының Орталық алаңында болып, басқа адамдармен топтасып, полицияның 42 қызметтік көлігін қиратты, қол жетімді құралдармен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады, содан кейін әкімдік ғимараттарына шабуыл жасауға және өртеуге қатысты.Елдос Қилымжанов

Баяндамашы олардың осы қылмысқа қатысқанын бейнекамералардағы бейнежазбалар, куәлардың жауапары және сараптамалық зерттеулер растайтынын атап өтті. Қылмыстық іс айыптау актісемен сотқа жолданды.

Қазір 349 күдікті қамауда отыр. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қару жымқыруға, мемлекеттік объектілеге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсене қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмысқа қатысы туралы жеткілікті мәлімет бар. Елдос Қилымжанов

Қадағалаушы орган өкілінің айтуынша, қаңтар оқиғасына байланысты сотқа барлығы 429 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталған.

Билік өкілдеріне қарсы күш қолданған, мүлікті бүлдіруге қатысты ауыр ауыр қылмыстар жасағандар, сонымен қатар шығынды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы бар. Елдос Қилымжанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: