АҚШ Қазақстанға елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтаруға көмектесетін болды
Сурет: Zakon.kz
5 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның негізгі мақсаттарының бірі – елден заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев бастаған делегация Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік банктің «StAR Initiative» (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездесті.
Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript