Жаңалықтар тізбегі
0

"Жетісі өтіп кеткен". Отандасымыздың сүйегі жат елдің мәйітханасында жатыр

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 21:38 Сурет: pixabay
Дубайға демалуға кетіп, сол жақта демі үзілген 76 жастағы отандасымызды туыстары жер қойнына тапсыра алмай жүр. Жетісі өтіп кетсе де мәйіттің әлі елге жеткізілмеуіне сақтандыру компаниясының салғырттығы себеп көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абдулла Берлібекұлының жат елде жан тапсырғанына сегізінші күн. Дубайға жұбайымен демалуға кеткен 76 жастағы қарияның кенет жүрек талмасы ұстап, жағдайы нашарлаған. Алайда отандасымыздың өмірін ақ халаттылар арашалай алмапты. Ал марқұмның денесін ағайын-туысы сарыла күтіп жүр. Олар сүйектің дер кезінде келмеуіне сақтандыру компаниясын кінәлап, кеңсесінің алдына жиналды. Дегенмен туристті елге жеткізу шығынын көтеріп алуға тиіс компанияның айтар өз уәжі бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Денесін әкеле алмай отырмыз. Өте қиын жағдай. Уақыт болды, жерлеу керек, бірақ жерлей алмай жүрміз. Бар шағымымыз – сақтандыру компаниясы «Номадқа». Жұмысы дұрыс емес. Турға, сақтандыруға ақша төленген. Дубайда арнайы агенттер бар. Солар барып. Бар  жұмысты істеу керек. Туыстары барлық жақтан келіп күтіп отыр. Марқұмның туысы Тұяқбай Қантанов

Теңіз жағасындағы бес күндік демалыстың ақысына медициналық сақтандыру да кірген. Демек сақтандыру компаниясы өзге мемлекетте қайтыс болған туристі еліне жеткізіп, бар шығынды мойнына алуға тиіс. Бірақ бұл шаруа сағызша созылды дейді марқұмның ет жақындары.

Сақтандыру бойынша ол жақта ауырып қалған немесе қайтыс болған жағдайда барлық рәсімін алып өздері жіберу керек. Консул айтты. Біз жақтан кедергі жоқ деді. Бірақ сақтандыру компаниясы 6000 доллар төлеу керек. Сақтандыру компаниясы 910 күн не істеп жүр? Неге соның барлығын орнына келтірмейді? Марқұмның туысы Дәметкен Өзбекова

Сақтандыру компаниясының өкілдері жауаптан қашпаймыз деп отыр. Олар: «Мүрдені елге әкелеміз, бірақ қай күні екенін айта алмаймыз» деп, қысқа қайырды.

Сақтандыру компаниясы бар шығынды өтейді. Бірақ туристі елге жеткізу оңай шаруа емес. БАӘ толтыратын құжат көп. Аурухана, полицияға анықтама өткізу керек. Олар тексереді. Барлығы уақыт алады. Құжаттар дайын болған соң консул қол қойып, мәйіт елге жеткізіледі. Репатриация жұмысы нақты қашан аяқталатынын айту қиын. Біз жеделдету үшін барымызды саламыз. Nomad Insurance сақтандыру компаниясының департамент директоры Мұрат Әлібеков

Алайда Абдулла Берлібекұлының туыстары компания басшыларына сенуден қалған. Жақынын жер қойнына тапсыра алмай қиналған олар сыртқы істер министрлігінен көмек сұрамақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: