Түркістан маңында автобус пен "Газель" соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Жол апаты 13 қазан күні сағат 8:00 шамасында болған. Хабарлама Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп түскен. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Апат салдарынан автобустың бір жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы бесеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Қарсы жолаққа шығып кеткен Газель жүргізушісі ұсталғаны атап өтілді.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Түркістан облысында ер адам 280 шөп прессі бар жүк көлігін өртеп, өртті бақылағаны хабарланған еді. Көлік Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі. Келтірілген шығын көлемі - шамамен 6 миллион теңге. Тәртіп сақшылары ер адамның мас болғанын анықтады. Оның өрт қою себебі анықталмады. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды.