Түрік әскери ұшақтарының Сирия мен Ирак жауынгерлеріне соққы бергені түсірілген видео пайда болды
Сурет: видеодан скриншот
Жексенбі күні Түркия билігі Сирияның солтүстігі мен Ирактың солтүстігінде YPG/PKK тобының лаңкестеріне қарсы «Тырнақ-қылыш» әскери әуе операциясының қалай басталғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасында жауынгерлердің нысандарына жасалған әуе соққыларының түсірілімі жарияланды.
Әлеуметтік желідегі хабарламада «осылайша елімізге, ұлтымызға және шекара қауіпсіздігіне қауіп төндіретін лаңкестерге тиесілі баспаналар, бункерлер, үңгірлер, тоннельдер, оқ-дәрі қоймалары, штабтар мен оқу-жаттығу лагерлері деп аталатын нысандар жойылды» делінген.
Операция 13 қарашада Ыстамбұлда кемінде алты адам қаза тауып, 81 адам жараланған шабуылдан кейін жасалды. Түрік билігі шабуылды PKK/YPG лаңкестік тобы жасады деп мәлімдеді. Шабуылда тротил бомбасы қолданылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript