Сириядан Түркияға қарай 4 зымыран атылды
Сурет: pixabay
Түркияның Қарқамыш қаласына зымыран түсті. Зымыран мектеп пен бірнеше үйге құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркияның Haberturk телеарнасының хабарлауынша, «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағы" лаңкестік ұйымының мүшелері Сирияның солтүстігінен Қарқамышқа 4 зымыран аттты.
Аудан орталығындағы бір мектеп пен екі үйге, жүк көлігіне зымыран түскені хабарланды.
Атыс салдарынан зардап шеккендер бар, олардың нақты саны белгісіз. Оқиға орнында дәрігерлер болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript