Қызылорда облысында толғағы қысқан әйел мінген көлік перзентханаға жетпей бұзылып қалған
Сурет: polisia.kz
Жүкті әйел Жаңақорған ауданынан облыс орталығына келе жатқан. Көлік Белкөл кентінің аумағында бұзылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұзылып тұрған көлікті Қызылорда полиция басқармасының қызметкерлері байқаған.
Polisia.kz хабарына қарағанда, полицейлер мән-жайды сұрастырып, олардың Жаңақорған ауданынан келе жатқанын біледі. Ал көлік жүргізушісі автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керегін айтады.
Оқиғаның мән-жайын естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Самат Шорағазиев, Сағындық Мырзахожаев, Нұрболат Амандық "103"-ке хабарласып, жедел жәрдемнің шұғыл түрде келуін және Ана мен бала орталығына кедергісіз жетуін қамтамасыз еткен.
Әйел егіз сәбиді күтіп жүрген. Ол балаларын аман-есен босанған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript