Қызылорда тұрғыны көпірден секіріп қаза тапты
Сурет: polisia.kz
Қызылордада 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында полицияға Қазбек би мен Қазантаев көшелеріндегі көпірден әйелдің секіріп, суицид жасауға әрекеттенгені жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Өкінішке қарай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript