Петропавлда жұмысшы құрылыс алаңында құлап, мерт болды
Сурет: polisia.kz
5 желтоқсанда 47 жастағы жұмысшы Петропавлдағы құрылыс алаңында биіктен құлап кеткен. Ол 6 желтоқсанда ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотқа дейінгі тергеуде анықталғандай, жұмысшы сол күні Чкалов-Уәлиханов-Мүсірепов-Назарбаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан құрылыс объектісінде болған.
Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған. Алайда алған жарақаттардан 6 желтоқсанда қайтыс болған.
Петропавл полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі материалды тергеп жатыр.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жасалып жатыр. Олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процессуал шешім қабылданады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript