Жетісу облысында күртік қар басқан жолда қалған 30 адам құтқарылды
Cурет: төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2022 жылғы 16 желтоқсанда сағат 07:40-та облыстық ТЖД-не Алакөл ауданында, "Үшарал-Достық" автожолының "Ырғайты" учаскесінде ауа райына байланысты күртік қарда бірнеше автокөлік тұрып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сағат 15:30-да Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері (12 қызметкер және 3 бірлік техника) 14 автокөліктің салонынан 24 адам құтқарылды. Олар Үшаралға және Достық станциясына жеткізілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Сонымен қатар сол күні таңертең ТЖД құтқарушылары "Үшарал-Достық" автожолына 15 желтоқсан күні кешке үш көліктен 6 адамды құтқарды.
Жетісу облысының ТЖД азаматтарды алыс жолға шыққан кезде ауа райы жағдайымен танысуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript