Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккен жаттықтырушы мен тағы бес бала реанимацияда жатыр

Көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2022 14:39 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысындағы жол апатынан зардап шеккен тоғыз баланың бесеуі реанимацияда жатыр. Бәрінің жағдайы ауыр. Үш баланың халі орташа, олар хирургиялық бөлім палатасында ем алады. Біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлікте барлығы 11 адам болған. Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаевтың Zakon.kz-ке хабарлауынша, жаттықтырушы да ес-түссіз жатыр. Ал көлікті жүргізген мектеп директорының орынбасары аман-есен, ол қазір тергеуде.

Әкімдік өкілінің Facebook-тегі хабарына қарағанда, медициналық көмек тәулік бойы беріліп жатыр, бақылауға алынған. Ауруханада қажетті дәрі-дәрмектің бәрі бар. 

"Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді. Іс облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатаң бақылауында екенін еске саламын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылғанын хабарлаған едік.

Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болған. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге волейболдан жарысқа қатысуға шыққан. Салдарынан 1 бала апат болған жерде көз жұмды, қалған 8-і Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: