Журналист Михаил Козачков ұсталды
"Қоспаев пен оның сыбайластары танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алуы теріс қоғамдық резонанс тудыратынын түсініп, Козачковтың қызметтерін рейдерлік басып алу құрбандарына ақпараттық шабуыл жасау мақсатында пайдаланды.сКозачков құқық қорғау органдарында көп жылдық тәжірибесі бар досы Бурхан Жансейітовты ірі көлемдегі сыйақыға ҰҚТ мүшелеріне сыбайластық жасауға тартты. Соңғысы өзінің бұрынғы байланыстары арқылы ҰҚТ қажеттіліктері үшін, сонымен қатар кейін жариялауға арналған айыптайтын ақпараттарды жинады. Сонымен қатар Жансейітов Козачковқа Telegram-каналын модерациялауға көмектесті, атап айтқанда, журналистің жарияланымдарының астына ҰҚТ басқа мүшелерімен бірігіп, комментарийлер орналастыру арқылы қоғамдық пікір қалыптастырды", - делінген Қаржы мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.
Козачков постарға жағымсыз пікірлер қалдырған жазбаларды өшіріп, пайдаланушыларды бұғаттап отырған. Агенттік тергеу барысында Жансейітов пен Козачковтың қызметі үшін ҰҚТ мүшелерінен 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденгенін хабарлады.
Кәсіпкер Әбдіғаппаровтың шешесі Жүнісбековаға тиесілі "Есентай сити" жобасындағы үлесті рейдерлік басып алу пиғылын іске асыру үшін Козачков Әбдіғаппаровтың беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялаған.
Журналист "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң талаптарын өрескел бұзды деп айыпталып отыр, өйткені кейбір жағдайларда ол көрінеу жалған мәліметтерді, сонымен бірге банктік, отбасылық және басқа да заңмен қорғалатын құпияға қатысты деректерді тарақан.
"2022 жылдың сәуір айында кәсіпкер Абдуллаев Коспаевтың ҰҚТ мүшесі – Шалин Руслан тарапынан шыны ыдыстар шығаратын зауытты рейдерлік басып алу фактісі туралы жұртшылыққа жүгінді, олар заңды меншік иесін басқарудан шеттетуге тырысты. Жолға қойылған схема бойынша, ҰҚТ мүддесі үшін әрекет ете отырып, Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалалар жариялады. Бұл ретте Алматы облысы тұрғындарының алкоголь өнімімен улануы және жәбірленушінің қасақана кісі өлтіруге қатысы бар екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтер таратылды". Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
2022 жылдың шілде айының басында Қоспаевтың ҰҚТ мүшелері қаржы мониторинг органдары олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу бойынша жедел іс-шаралар мен тергеу жүргізіп жатқанын құқық қорғау органдарындағы дереккөздері арқылы білген.
"Жасалған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, ҰҚТ мүшелері Танашев, Шалин, Коспаев Айдос Козачков пен Жансейітовтың қатысуымен Елдос Коспаевтың үйлестіруімен тергеу органының беделін түсіру және оның жұмысына кедергі жасау жоспарын іске асырды. 2022 жылдың 12 шілдесінде Алматыда Жансейітов ҰҚТ белсенді мүшесі - Айдос Коспаевқа бақылауды жүргізген жедел қызметкерлердің машинасының жолын бұғаттады", - делінген хабарламада.
Ведомоствоның хабарына қарағанда, алдын ала дайындалған сценарий бойынша адвокаттар мен Козачков оқиға орнына келген, олар қорғаушыларды жасырын бақылауды әшкерелегені туралы жалған мәліметтерді көпшілікке тарата бастаған.
Биллинг пен бақылау камераларын қолдану арқылы жедел машинаның сол күні немесе алдыңғы бірнеше күнде адвокаттардың жүру бағыты бойынша мүлдем қиылыспағаны сенімді түрде анықталды.
"Козачков нақты деректердің бұрмалануымен байланысты жағдайды ҰҚТ мүддесі үшін қамтып қана қоймай, олардың іс-әрекеттерін сол жерде үйлестірді және Коспаев Айдосқа бақылаудан жасырынуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде соңғысына іздеу жарияланды. Бұрын хабарланғандай, өзінің жазасыздығын сезінген Жансейітов, заңды ашық түрде таптап, бұзақылық әрекеттер жасап, құқық қорғау органының қызметкерінің денесін қасақана жарақаттаған. Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр". Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі