Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Сурет: Facebook/Қайрат Құдайберген
Кәсіпкер, Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 20 желтоқсанда сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2023 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды"
Еске салайық, 2022 жылғы 22 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзарды.
Кейін Қайрат Құдайберген Amanat партиясын шығарылып, депутат мандатынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript