Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура Қазақстандағы ЖЭО жұмысын тексереді

ЖЭО, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 20:10 Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура Қазақстандағы ЖЭО жұмысын тексереді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тексерудің еліміздегі барлық ЖЭО-ға қатысы жоқ.

"ЖЭО бойынша біз тексерулер жүргізуді жоспарлап отырмыз, бірақ қазір жылыту кезеңі екенін ескерсек, бәрін бірдей тексермейміз. Кейбір тексерулер осы ЖЭО-ның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін екенін түсінеміз. Сондықтан біз прокуратура органдарының, уәкілетті органдардың араласуын талап ететін, былайша айтқанда, нашарларын ғана тексереміз". ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Оның айтуынша, қазір Риддер мен Екібастұздағы ЖЭО тексеріліп жатыр.

"Риддер бойынша тексерулер жүріп жатыр. Онда ТЖ желісі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, ЖЭО-ның қалыпты қызметіне қойылатын басқа да талаптар желісі бойынша көп ақау анықталды. Сонымен бірге инвестициялық тарифтердің сақталуы да тексеріледі". ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов Риддердегі ЖЭО-да қауіпсіздік желісі бойынша барлығы 70, өрт қауіпсіздігі бойынша 40-тан астам ақау анықталғанын, бірақ әзірше бұл алдын-ала нәтиже екенін айтты.

Сонымен бірге тариф белгілеу, инвестициялық бағдарламаларды орындау, жаңғырту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша тексерулер жүріп жатыр.

Еске салайық, 27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланып, 8 желтоқсанда алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: