Алматы облысында балықшының қан қысымы көтеріліп, жағаға шыға алмай қалған
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 4 қаңтар күні сағат 15:41-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне 103 кезекші қызметінен 1973 жылы туған ер адамның ауырып қалғаны және оны тасымалдауда көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы дереу жіберілді.
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Шақырту орнына келгеннен кейін азамат 2023 жылғы 4 қаңтарда таңертең Қапшағай су қоймасына жағадан 1,5 шақырым қашықтыққа балық аулауға шыққаны және азаматтың (гипертониямен ауыратын) ауырып қалғаны анықталды.
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының күшімен азамат жағаға жеткізіліп, медициналық жедел-жәрдем қызметкерлеріне берілді.