"Медеу" дирекциясы мұз айдында дәрігерлердің жоқ екені туралы ақпаратты теріске шығарды
Сурет: medeu.kz
"Әлеуметтік желілерде "Медеу" мұз айдынындағы дәрігердің бәрі жұмыстан шығарылған, соның салдарынан 3 қаңтарда құлаған азаматқа көмектесетін ешкім болмады" деген хабар тарады. "Алматының спорт ғимараттары дирекциясы" ЖШС мұны теріске шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дирекцияның Zakon.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында қызметкерлердің дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережесіне сәйкес, жедел жәрдем шақырғаны айтылады.
"Сонымен қатар ережеге сәйкес, сынған жерге қосымша физикалық әсер етсе, зардап шеккен адамның киімі мен аяқ киімін шешуге болмайды, өйткені аяқ сынған, ал сынудың қай түрі екенін анықтау мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Мұнан "Медеуде" медициналық қызметкер жоқ деген болжамның қете екенін байқауға болады. Медициналық қызметкерлер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде қызмет көрсетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript