Алматыдан 385 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 қаңтар күні Алматы уақытымен 10:17-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 385 шақырым жерде Қытай аумағында орналасты. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.1. MPV магнитудасы - 3,9. Эпицентр координаты – 44.07° с.е. 81.53° ш.б. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген "Алматы" кезекші операторының хабарламасында.
2022 жылғы 28 желтоқсанда Алматы тұрғындары жер тербелісін сезінген еді. Ал 2023 жылғы 5 қаңтарда Ауғанстандағы жер сілкінісі шымкенттіктерге де сезілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript