Қарағандыдағы өрт: пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы өрт шыққан пәтерден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
Өрт сағат 22:37-де сөндірілген.
"Пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел", - деді Талғат Иманқұлов.
10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы, 18/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. Өрт 18 қабатты үйдің 8-қабатынан шыққан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript