Қарағандыдағы көп қабатты үйдегі өртке газ баллоны себеп болуы мүмкін
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы көп қабатты үйдегі өрт сағат 22:55-те толықтай сөндірілді. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, үйге газ кіргізілмеген болып шықты, сондықтан тұрғындардың бірі "тұрмыстық газды" пайдаланған болуы мүмкін.
10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы, 18/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. 18 қабатты үйдің 8-қабатында өрт болған.
Қарағандыдағы өрт болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript