Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыдағы өрт кезінде ер адам 8-қабаттан құлап түскен

Қарағандыдағы жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 00:31 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы көп қабатты үйдегі өрт кезінде сондағы тұрғынның бірі сегізінші қабаттан құлап түскен. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жарылыс салдарынан сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен бір ер адам (1979 жылы туған) құлап зардап шекті. Ол тірі. Медицина мекемесіне жеткізілді. Оның диагнозы мен жағдайы қазіргі уақытта нақтыланып жатыр", - деді ол.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, азаматтың құлап кеткені не өзі секіріп түскені әзірше белгісіз.

Еске салайық, 10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы 18/2 мекенжайындағы 18 қабатты үйдің 8-қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген, ол 8-қабаттан құлап түскен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: