ТЖМ: Қарағандыдағы көп қабатты үйде газ жарылмаған
Cурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы көп қабатты үйде газ жарылмаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін өртке газ баллоны себеп болуы мүмкін екені айтылған еді, алайда кейінгі дерекке қарағанда, газ жарылысы расталмады. Өйткені оқиға орнынан газ құрылғылары табылмаған.
"Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген жазбада.
10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы 18/2 мекенжайындағы 18 қабатты үйдің 8-қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар - екі ер адам, бір әйел. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген, ол 8-қабаттан құлап түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript