Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлмира Сатыбалдының ісі енді Астанада қаралады

Гүлмира Сатыбалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 00:03 Сурет: pixabay
Алматыда белгілі бизнесмен Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты сот басталды. Оған бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды және адам ұрлады деген айыптар тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарына қарағанда, айыпталушы орындығында Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі мен көмекшісі де бар.

Тергеу мәліметінше, олар екі кәсіпкерді бопсалап, бизнестегі үлесін өз атына жаздырған. Жәбірленушінің бірі — Тұрсын Алагөзов. Ал екіншісі — Айгүл Мекешова. Оған күш көрсетіп, миллиард теңге тұратын компаниясын 375 мың теңгеге сатып алған. Келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңгеден асады. Айыпталушы тараптың адвокаттары Тұрсын Алагөзов компаниясындағы үлесі экс-жұбайының атына өтіп кетпеу үшін қасақана өзге адамға рәсімдегенін айтып отыр.

Гүлмира Сатыбалдының адвокаттары істі Астанаға жіберуді және үй қамаққа жіберуді сұраған. Судья айыпталушыны қамаудан босатқан жоқ, бірақ қылмыстық енді астанада қаралатын болды.

"Сатыбалды Гүлмира 2020 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, Galanz Bottlers АҚ үлесінің 45,25 пайызын өз атына жаздыртқан. Сатыбалды Гүлмира, Батыршаев пен Өтебеков ұйымдасып, Мекешованы Алматы облысы Жандосов ауылына күшпен алып кеткен. Сосын оған қоқан-лоққы мен психологиялық қысым көрсетіп, алдын ала дайындалған құжаттарға қол қойдыртқан"Акромат Мұхтаров, прокурор

Еске салайық, Қайрат Сатыбалдының өзі де былтыр аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: