Ақтаудағы жарылыс: бір әйел қаза тапты, тағы үш адам зардап шекті
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтаудағы ТЖО-дағы жарылыс кезінде бір әйел қаза тапты, тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 12 қаңтарда сағат 18:20-да Маңғыстау облысы ТЖД 101 пультіне Ақтаудағы техникалық жөндеу орталығының (ТЖО) бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Cурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың дерегінше, өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллон жарылған.
"Сонымен қатар өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатқанда өмірге қауіп төндіретін тағы 17 газ баллонды шығарып үлгерді. Өрт сағат 18:48-де сөндірілді, өрт аумағы 50 шаршы метр болған", - делінген хабарламада.
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Оқиғаның салдарынан ТЖО-ның бір қызметкері (әйел) қайтыс болды, күйік алған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript