Түркістан облысында газ жарылып, бір адам қаза болды
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 18:41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны, оқиға орнында өрт орын алмағаны туралы хабарлама түскен.
ТЖМ бөлімгшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы анықталып жатыр. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек беріп жатыр.
Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда жеке басының деректері мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орында ТЖ департаментінің қызметкерлері, құтқару техникасы жұмылдырылды.