Ақтөбе соты "Выгодный депозит" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысын 10 жылға соттады
Сурет: pixabay
Ақтөбеде "Выгодный депозит" қаржы пирамидасын құрып, оған жұмыс істеген алты адам сотталды. Пирамида ұйымдастырушысы 10 жыл, қалған бесеуі 8 жыл бас бостандығынан айрылды. Олардың мүлкі тәркіленеді және жәбірленушілерге келтірген шығынды өтейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, "Выгодный депозит" қаржы ұйымы 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы ақпан аралығында Батыс Қазақстан бойынша жұмыс істеген.
Оларға 700-ден астам адам қаржы салып, алданып қалған. Бұл ұйымға жылжымайтын мүлік, қаржы салып зардап шеккендердің ең үлкен соммасы - 40 млн теңге. Ал жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады. Қаржы ұйымының мүшелері 2022 жылдың соңында қамауға алынған.
"А.-ға түпкілікті 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жыл қаржы ұйымдарын басқаруға тыйым салынсын. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды".№2 Ақтөбе сотының судьясы Жанас Қуанышев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript