Ұлыбритания елшілігі: Комиссияның Парламентке еш қатысы жоқ
Сурет: pxhere
Қазақстанға қаңтардағы оқиғалар мен Жанболат Мамайдың ісін тергеу жөніндегі парламентшілердің қатысуындағы британдық тәуелсіз комиссия келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында қоғам белсендісі Инга Иманбай жазды.
"16 қаңтарда Алматыға Ұлыбританиядан қаңтар оқиғалары мен Жанболат Мамайдың ісін тергеу жөніндегі Лордтар палатасының мүшесі Кен Макдональд бастаған парламенттік комиссия келіп жетті. Комиссияға қатарына Bindmans LLP халықаралық заң компаниясының басшысы Тайаб Әли және басқа да мамандар тартылған", - дейді Инга Иманбай.
Ұлыбритания елшілігінде британдық парламентшілердің сапарына қатысты түсініктеме берді.
"Тергеу комиссиясын "Bindmans LLP" британдық заң компаниясы бекітіп, құрған. Комиссияға жеке және тәуелсіз қызмет ететін және Ұлыбритания үкіметімен немесе парламентімен байланысы жоқ британдық парламентшілер енеді", - делінген Zakon.kz жолдаған сауалға берілген ресми жауапта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript