Шымбұлақта үшқабатты рестобар өртенді
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Шымбұлақта үшқабатты рестобар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.
"Бүгін, 29 қаңтарда, сағат 05:30-да "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешенінде үшқабатты "Облака" рестобары (теңіз деңгейінен 3 200 метр) өртеніп кетті. Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті ішкі өртке қарсы крандар арқылы өшірген". Руслан Иманқұлов
Cурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өрт 08:05-те ауыздықталған, зардап шеккендер жоқ, алдын ала дерек бойынша өрттің ауданы - 800 шаршы метр.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өрт сағат 08:30-да сөндірілген, бұл үшін қар генераторы қолданылған.
Алматының төтенше жағдайлар департаменті оқиға туралы кейінірек толыққанды ақпарат береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript