Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккендердің жағдайы қалай

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2023 16:45 Сурет: видео скрині
Ақтөбедегі демалыс орнында зардап шеккеннің бәрі есін жиған, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Балалар ауруханасына 5 адам түсті. 17 жастағы жасөспірімнің оң аяғындағы жұмсақ тіні көгерген, оны қабылдау бөлмесінде тексерді, сол жерде көмек берілді. 16 жасар қыз аралас жарақат алған, оң жамбасы, жамбас сүйегі сынған, жабық бас миының жарақатын алған, кей жері көгерген. Баланың жағдайы ауыр. Тағы бір қыз 16 жаста, бас миының жабық жарақатын алған, кей жері көгерген, миы шайқалған, төменгі жағы сынған, жағдайы орташа ауыр. 1,5 жасар бала жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, жағдайы орташа ауыр. 5 жасар баланың маңдай, төбе аймағы көгерген", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері "Диапазонға".
Ал 49 жастағы зардап шеккен ер адам жедел шұғыл көмек көрсететін ауруханада жатыр, аяқ сүйектері сынған, жағдайы орташа.

Еске салайық,  2023 жылғы 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел мерт болып, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медицина мекемесіне жатқызылған еді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: