Егде жастағы көршілерін өрттен құтқарған ағайынды оқушы марапатталды
Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы бұйрығымен 23 қаңтарда Қарағанды қаласында болған өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Руслан Түсіпов, Ерасыл және Қанат Смағұловтар "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапатталды.
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Мектеп жиынында мектеп оқушылары мен педагогтарының қатысуымен Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Ал облыстың білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаты мен естелік сыйлығын берді.
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
"Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл батылдық пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата-аналарына алғыс айтамыз". Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Еске салайық, оқиға 23 қаңтарда сағат 16:38-де Қарағандыдағы Жеңіс көшесінде болған. 6 шаршы метр аумақта тұрғын үйге жалғанған қазандықтың жиһазы, тұрмыстық техникасы, ішкі ағаш қаптамалары, төбесі жанған.
15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы көршілерінің үйінен түтін шығып жатқанын көріп, көмекке ұмтылған. Бөлмеде ер мен әйел кісі болды. Жасөспірімдер екі зейнеткерге сыртқа көмектескен. Киім-кешек пен құжаттарды да шығарып үлгерген. Олар көршісі Русланды, кейін өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар келгенге дейін қолдан жасалған құралдармен өртті сөндіруге кіріскен. Осының арқасында екі адам аман қалып, өрттен келген шығын барынша азайған.