Оралдағы өртенген мектептің күзетшісі жансақтау бөлімінде жатыр
Сурет: astanatv.kz
Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, 66 жастағы қызметкер түтінге тұншығып қалған. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" телеарнасының хабарлауынша, өрт ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылған. Бүгіннен бастап мекеп түгелдей онлайн оқуға көшірілген.
"5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен жар күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі". №28 мектеп-лицей директорының орынбасары Әлия Дүйсеғалиева
Алдын ала болжам бойынша өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан. Мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Ол түтінге тұншығып, уланған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.
"Өртті сөндіруге департаменттен 54 адам жеке құраммен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр".Облыстық ТЖД басқарма бастығы Мереке Жұмағалиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript