Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр
Cурет: Zakon.kz
Түркияға аттанатын қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты ұша алмай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бортта ұшқыштармен қоса, 41 адам – республикалық жедел-құтқару жасағының 33 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығының 5 қызметкері және министрдің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің үш өкілі болады.
"Сонымен бірге құтқарушылар ұшақтың бортына табиғи және техногендік апаттар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қолданатын арнайы жабдықтармен жабдықталған техникаларды - КАМАЗ, УАЗ және ГАЗельді тиеді", - деді Zakon.kz редакциясына дереккөз.
Борт қалың тұманға байланысты Алматы әуежайынан кешіктіріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript