"Сивасспор" футбол клубының бапкері жер сілкінісі кезінде 15 туысынан айырылды
Клуб жер сілкінісі салдарынан Хатай қаласында тұратын туыстарынан айырылған Айхан Тенбелоғлуға көңіл айтты.
A takım yardımcı antrenörlerimizden Ayhan Tenbeloğlu’nun Hatay’da yaşayan çok sayıda akrabasının, Kahramanmaraş’ta meydana gelen deprem nedeniyle hayatını kaybettiğini büyük bir üzüntüyle öğrenmiş bulunmaktayız.
— Demir Grup Sivasspor (@Sivasspor) February 6, 2023
Detaylar 👉 https://t.co/I6yLVDWmto pic.twitter.com/SB5QYzvaR0
"Айхан Тенбелоғлының туыстарының жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғанын естідік. Оның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз және қайтыс болғандарға Алла Тағаладан рақым тілейміз". "Сивасспор" футбол клубының баспасөз қызметі
6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7-ге жеткен бірнеше жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 3 мыңға жуық адам қаза тауып, 15 мыңнан астам адам жарақат алды.
Жер сілкінісі салдарынан үйінді астында қалған "Хатайспордың" бес футболшысы мен екі жаттықтырушысы құтқарылып, аман қалды. Құтқарушылар спорт директоры Танер Савутты әлі де іздеп жатыр.
Түркия футбол федерациясы зілзаладан зардап шеккендерге бір миллион еуро көмек көрсетті.
Түркиядағы барлық спорттық шаралар тоқтатылды.