Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны баласының ес-түссіз жатқанына дәрігерлерді кінәлап отыр

Алматы облысының тұрғыны баласының ес-түссіз жатқанына дәрігерлерді кінәлап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2023 01:26 Сурет: видео скрині
"Ауруханаға өз аяғымен барып, жансақтау бөліміне жатты". Алматы облысының тұрғыны 3 жасар баласының ес-түссіз жатқанына дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-анасының айтуынша, дәрігерлер балаға диагнозы дұрыс қоймаған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

"Ауруханаға 26 қаңтарда түстік. "Иммундық тромбоцитопения" деп диагноз қойды. Ондай ауруды өмірде көрмегенбіз, білмейміз. Бала өз аяғымен келді. Жұма күні азанда аяғы көгере бастады. Кешке дейін үлкейіп кетті. Таңертең гемоглобин түсіп кетті". Анасы Күмісай Әбдіраманова

Бұл отбасы қазір таңнан кешке дейін ауруханада жүр. Оның үстіне, кей дәрі-дәрмекті 500 мың теңгеге сырттан сатып алған.

"Басында аяғында кішкентай дақ болған. Екінші күні көргенімде аяғы ісіп кеткен. Үшінші күні өкпе, жүрек, бауырдың тұсы адамның саусағы кірмейтіндей ісіп кеткен. Балама дұрыстап қарағанын қалаймын. Осындай жағдайға душар болады деп ойлаған жоқпын". Әкесі Нұрхан Омаров

Аяғы ісіп, есін әзер біліп жатқан науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Бізге бастысы  диагноз қою керек. Қазіргі баланың ауруы қан ауруына келеді. Анализін гемотолог дәрігерлер қарап отыр. Қандағы өзгеріс өте көп. Зәр шығару аз, бірақ бөліп жатыр. Іріңді процес жоқ па? Тексердік. Ол ісік болған соң, барлығына қараймыз". "Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы" МКҚ директорының орынбасары Асқар Қалиев

Медицина мамандарының айтуынша, дәл осыған ұқсас аурумен бір жылда 700-ге жуық бала ауруханаға жатқызылады екен. Оның тұқым қуалайтын түрі де кездеседі.

Дәрігерлер қан құрамы бұзылып, қапыда қиындыққа тап болған баланы қараусыз қалдырмағанын айтады. Қазір анализдерді тәуелсіз зертханаға жіберген. Енді қорытындысына қарай ем қолданылмақ. Ал баланың ата-анасы дәрігерлердің үстінен арыз жазған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: