Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда тағы алты жер сілкінісі тіркелді

Түркия, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 15:44 Сурет: Anadolu Agency
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) Түркияның орталық және шығыс бөлігінде алты жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

EMSC мәліметінше, магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісі Кахраманмараштан 44 шақырым жерде және Бахче қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде тіркелген.
Бұған қоса орталық тағы бес жер сілкінісі болғанын хабарлады:
  • Кахраманмараштың солтүстік-батысына қарай 62 км және Гөксунның солтүстік-шығысына қарай 12 км жерде мгнитудасы 3,4 балл;
  • Кахраманмараштың солтүстік-батысына қарай 52 км және Гөксунның шығысына қарай 15 км жерде магнитудасы 4,3 балл;
  • Гөлбашыдан солтүстікке қарай 29 км жерде магнитудасы 3,3 балл;
  • Кахраманмараштан солтүстік-шығысқа қарай 62 км және Елбистаннан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км жерде магнитудасы 3,4 балл;
  • Диярбакырдан солтүстік-батысқа қарай 61 км және Дикледен солтүстікке қарай 11 км жерде магнитудасы 3,5 балл.

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 12,3 мың адамға жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: